Р. Скляр: «Северсталь» компаниясына сатылмайды

07 қыркүйек 2023, 19:13

«Арселлор Миттал Теміртау» ресейлік Северсталь компаниясына сатылмайды. Келіссөздер де жүргізіліп жатқан жоқ. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бүгін компания сатылмақшы деген ақпаратқа қатысты осындай мәлімдеме жасады. Ол «Ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сол себепті қауесетке сенбеңіздер. Шынымен де АрселорМиттал Теміртау жабдықты жөндеу, инвестиция құю бойынша міндеттемелерін орындамай отыр. Бұл кәсіпорындағы адам өлімімен байланысты қайғылы оқиғалар, әрине, бізді алаңдатады» деді..

Әзірге кәсіпорынды дамытуға қаражат инвестициялай алатын инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Келісім-шартқа қол қойылмаған. Ел үкіметі лайықты деп тапқан үміткердің атын Скляр көпшілікке айтқан жоқ. Оның айтуынша, тараптар мәмілеге келгеннен кейін ғана барлық мәлімет жарияланады.

JQ-Naryq

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді