Qalam қоры: «Қазақстанда жастар құмар ойынға жаппай әуес» деген бос сөз

21 қыркүйек 2023, 12:43
radiometro.ru

radiometro.ru

Жастардың әлеуметтік көңіл-күйі мен өмір сүру салтына, әдеті мен хоббиіне арналған ауқымды әлеуметтік зерттеу соңғы кездері БАҚ-та қалыптасқан кейбір стереотипті бұзады. Бұл «700 мың оқушы құмар ойын ойнайды» және жалпы, жастардың жаппай ойынға тәуелділігі деген жалған әңгімеге қатысты. Сауалнамаға қатысқан жастардың 3,8%-ы ғана лотерея ойнайды, 3,9% спортқа бәс тігеді, 3,2% онлайн казино, покер немесе рулетка ойнайды екен. Бұл Батыс Еуропа елдерімен салыстыруға келмейді.

Стереотиптерді бұзу

Тамыз-қыркүйек айларында Qalam қоры жастардың әлеуметтік көңіл-күйі мен өмір сүру салтын, соның ішінде несиеге тәуелділік, өміріне қанағаттану, психоэмоционалдық жағдай, ішімдік пен құмар ойынға көзқарасы деген мәселелерді зерттеді. Еліміздің барлық аймағында 18 бен 35 жас аралығындағы 2044 респондент сауалнамаға қатысты. Зерттеу өте қызықты болып, бұрыннан қалыптасқан стереотиптерді өзгертті.

Кімді не мазалайды?

Халық арасында «көке» делінетін таныстың әлеуметтік лифтке деген әсері жайлы көзқарас өте қызықты болып шықты. Жастардың 27,7%-ы өсу мен мансаптың басты факторы «көкеге», содан кейін білімге (22%), сосын өсемін-дамимын адамның (20,2 %) өзіне байланысты екенін атады.

Жастарда жиі кездесетін ақша, несие және қарыз туралы айтсақ, респонденттердің көбі біреуден қарыз немесе несие алғанын айтады. Бұл ретте, несие алған жастардың 25,6%-ы оны қалай өтейтіні туралы жоспарының жоқтығы – ҚР Ұлттық банкіне несие беру тәртібін қайта қараудың, ал коммерциялық банктерге өздерінің тәуекел картасын жаңартуға деген белгі.

Жастардың психоэмоционалды жағдайы да дабыл қағарлықтай. Көпшілік ұйқысыздыққа (21%), енжарлыққа (16,6%), көңіл-күйдің нашарлығына (15,7%), күйзеліске (12,8%) шағымданады. Бұл әлемдік көрсеткіштен бірнеше есе көп: ДДҰ әлем халқының 3,8%-ы, оның ішінде 60 жастан асқан адамдардың 5,7%-ы депрессияны бастан кешіреді деп есептейді. Қазақстанда, керісінше, депрессияға жастар бейімді, бұл жалпы әлемдік көрсеткіштен үш есе жоғары деңгейде. Бұл мемлекет үшін толғақты мәселе. Демек, физикалық және эмоционалдық аурулардың, соның ішінде социопатия мен айналаға агрессияның, сонымен қатар, деструктивті қоғамға қарсы жүріс-тұрыс тәуекелдерінің (мысалы, бүлік, ойран салу, топтық және жекелей зорлық-зомбылық, экстремистік ұйымдарға қатысу) жоғары қаупі бар.

Бұл ретте, зерттеуге сәйкес, жастардың бос уақытының көп болуы эмоционалды стресстік жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Респонденттердің 23,1%-ы демалыс орындарының жетпейтіндігін айтады. Компьютерлік ойындар (жастардың 22,1%-ың) мен әлеуметтік желілерді (жастардың 39,1%-ы) теріс мақсатта пайдалануға келсек (күніне төрт сағаттан астам), жағдай өте мүшкіл. «ДДҰ АХЖ-11 ауруларының халықаралық анықтамалығына «internet gaming disorder» сияқты тәуелділік енгізілгендіктен, мемлекет бұған мән беруі керек. Біздің әлеуметтанулық зерттеуіміз диагноз қоюдың құралы болмаса да, бұл шынайы өмірден қашуға деген ұмтылыстың көрсеткіші болып табылады», – дейді зерттеу авторлары.

Бәс тігу мен рулетканың бізге қатысы жоқ!

Зерттеуде көрсетілгендей, соңғы кездегі мәліметтерге қарамастан, респонденттердің дені ешқашан казинода ойнамағаны (88,2%), букмекерлік кеңседе бәс тікпегені (83,8%) және лотерея билетін сатып алмағаны (81,6%) анықталды. Қалғаны өмірінде бір рет немесе ара-тұра араласқан. Енді үнемі және жиі ойнайтындар немесе «жолым болады» дейтіндерге тоқталсақ. Сауалнамаға қатысқандардың 3,8%-ы үнемі лотерея ойнайды немесе тек лото клубтарына барады, 3,9% спортқа бәс тігеді, ал 3,2% онлайн казино, рулетка немесе покер ойнайды. Көріп отырғаныңыздай, бұл деректердің арасында аздаған айырмашылық бар, бұл әлеуметтанулық қателік емес, шамасы құмар ойындар мен лотереяларға қызығушылық танытатын жастардың (жалпы үлесі 5-6%-дан аспайды) тұрғанын көрсетеді.

«Бір қызығы, елде онлайн казиноға заңмен тыйым салынған, дегенмен, заңмен тыйым салынған онлайн казино алаңдарында ойнайтындардың саны рұқсат етілген спорттық бәс тігу алаңдарында немесе лото клубтарында ойнайтындармен бірдей. Бұл тыйым салу шараларының тиімділігі туралы болжамды жоққа шығарады. Бұған қоса, зерттеу нәтижесі тағы бір гипотезаны жоққа шығарады, лото клубтарының жақындығы демалыстың осы түріне артықшылық бермейді. Жалпы, бос уақыттың осы түріне артықшылық беретін көрсеткіштердің әлемдік статистикадағы үлесі өте аз», — деп жазады авторлар.

Ұлыбритания, Испания немесе Италия сияқты Батыс Еуропаның дәстүрлі «ойыншы» елдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, Қазақстандағы бұл деректердің теңіздегі тамшыдай екені рас. 2019 жылы Эдинбург университетінің зерттеуі жарияланды, бұл Ұлыбританияда 20-30 жас аралығындағы жастардың шамамен 34%-ы айына кемінде 2-3 рет казинода немесе букмекерлік ұйымдарда бәс тігетінін көрсетеді. 300 жылға жуық кәсіби түрде бәс тігудің тарихы бар ағылшындар үшін бұл қалыпты жағдай, Ұлыбританиядағы 350 мың құмар ойыншылары (людомандар) туралы ақпарат ресми түрде британдық БАҚ-та жарияланған.

350 000 лудоман – Қазақстанда емес, Ұлыбританияда

Айтпақшы: неліктен осы 350 мың британдық құмар ойыншы мәселесі бізге аяқ астынан соншалықты қызықты болды? Себебі біраз уақыт бұрын еліміздегі аса танымал емес спикерлер бұл статистиканы Қазақстанға таңғысы келді. Бұл «сарапшылар» Қазақстанда 350 000 лудоман бар деп мәлімдей бастады. Кейінірек қарапайым фактчекинг ақпараттың жалған екенін көрсетті (ҚР-да мұндай зерттеу жүргізілген жоқ) және бұл дерек британдық аналитикалық шолудан айна-қатесіз көшірілді. Кімге және неге мұндай фактілерді бұрмалау қажет болды? Бәлкім, бірнеше ай бойы белсенді түрде Қазақстандағы жасөспірімдер мен жастар лудоманиясы туралы жалған ақпарат таратқан кейбір депутаттар жауап беретін шығар.

Біз ойлағандай жаман емес!

Жалпы алғанда, Qalam зерттеуінің нәтижесіне сүйеніп, алаңдауға негіз бар. Қазақстандағы жастардың несиеге батуы, күйзеліс деңгейінің шектен тыс көрсеткіші және өміріне қанағаттанбау, әділ әлеуметтік лифтке деген сенімсіздік – мұның бәрі дабыл қағуға негіз. Бұл әрине, мемлекеттік деңгейде жасалуы керек. «Зерттеудегі деректер медицина, мемлекеттік ақпараттандыру және насихаттау, сонымен қатар, білім беру және уақытты тиімді өткізудегі жүйелі мемлекеттік шаралардың қажеттілігін меңзейді. Осылайша, жастардың психологиялық денсаулығының жағдайын жақсартуға болады. Жүйелік шаралардың екінші – аса маңызды бағыты жастар үшін әлеуметтік лифт құруға, сонымен қатар, табысты арттыру және мансапты дамытуға мүмкіндіктер жасауға бағытталуы тиіс», — деп сөзін түйіндейді зерттеу авторлары.

Иә, бізге жас ұрпақты қолдау мен дамытуда жан-жақты ойластырылған саясаты қажет, әйтпесе, ахуал нашарлауы мүмкін. Мысалы, сауалнама деректері классикалық музыка фестивалі мен концертке респонденттердің шамамен 40% қатысқанын көрсетті. Бұл қазіргі уақытта жақсы жаңалық, ал мақтаулы Еуропада жастардың осындай іс-шараға баруы 12-15 пайыздан аспай отыр. Қазақстанда жастардың болашағы бар екені анық, тек осы мәселемен мемлекеттік деңгейде қолға алу қажет – барлығын нашақор немесе лудоманға телитін популистік емес, кәсіби түрде айналысқан жөн.

Анықтама үшін: «Qalam» инновациялық білім беру қоры білім беру саласындағы әзірлемемен, сонымен қатар, Қазақстан жастарының дамуының әлеуметтік жағдайын зерттеумен айналысады. «Qalam» қорының басты міндетті – білім беруді дамыту үшін жаңа құндылықтар мен бағдарлар қалыптастыратын инновациялық орта құру.

Олжабек Байқуатов

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді