jasqazaq.kz

Пышақ жалаңдатқан бала

29 мамыр 2020, 14:00

Бұл бала әуелден ерекше. Ерекше болғанда талантымен емес. Үнемі оғаш қылықтарымен ұстазының көзіне түсіп жүреді. Кіп-кішкентай болса да, өмірге, қоғамға ашулы. «Ерекше» оқушысын талай мәрте сөзге тартып, ұстаз зерттеп көрмек те болды. Бірақ нәтижесіз… Әлемге ашулы кішкентай бала ызадан басқаны көрсетпейді…

Әдеттегідей сабақ өтіп жатыр. Ұстаз тақырыпты түсіндіруде. Сабақты оқыстан шыққан оқушы қыздың дауысы бөлді. Әсем екен. Ұяң қыз әлденеден қорыққандай ма… Үні шықпай дір-дір еткен Әсем жанындағы ұлды қолымен нұсқай берді. Аң-таң болған ұстаз Әсемнің жанына келіп, жұбатып жатыр. Құшақтады. Сосын байқады. Өзі екі жылдан бері түсіне алмай жүрген кішкентай оқушының қолында дәу пышақ!

О заманда, бұ заман…. Мектепке оқулық емес, пышақ әкелген оқушыны кім көріпті. Оның үстіне, небәрі екінші сыныпта оқитын баладан мұндайды кім күткен?

Ұстаз сабақты тоқтатып, баламен жеке сөйлесіп көрді. Болмаған соң, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушіге жағдайды баяндады.

Бірақ бала баяғы әлемге ашулы күйінен өзгерген жоқ. Ол үшін тіпті мектепке суық қару әкеліп, қолға ұстап жүру қалыпты жағдай сияқты. Әрине, баланың анасы мектепке шақырылды. Алайда баланың психологиялық жағдайына алаңдаудың орнына, анасы мектепті басына көтеріп шу шығарды. Мұғалімдерді былапыт сөзбен сыбады. «Мен сені өлтіремін» деп ұлының ұстазына бас салды.

Баланың анасынан мұндай сөзді есту ұстазға оңай тиген жоқ. Кейін «ашу үстінде айтылған сөз ғой» деп ұстаз өз-өзін жұбатты. Бірақ аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан баланың анасы қоқан-лоққы көрсетуін қоймады. Керісінше, үдете түсті.
«Мен сені өлтіріп, түрмеге отырамын». Күн сайын осындай хаттарды оқыған адамның жағдайы қандай болуы мүмкін?

Күні-түні үрейде жүрген ұстаздың бүгінде денсаулығы нашарлап, жүйкесі жұқарды. Елде жарияланған карантин, мектептегі онлайн-сабақ режимі, оған қоса, радикалдық идеологияны бойына сіңіріп алған әйел мұғалімге қоқан-лоққы жасауын қояр емес.

Өміріне қауіптің шын төнгенін бағамдаған мұғалім жергілікті полиция департаментіне шағымданды. Қазіргі уақытта ұстаздың психологиялық жағдайы ауыр. Абыройы өз алдына, өмірі қауіпке ілінген мұғалімнің мәселесімен құзырлы органдар айналысып жатыр.

«Иә, кезінде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) не істеп еді? Исламды бейбітсүйгіш, ізгіліктің, тазалықтың діні ретінде оны асқан сүйіспеншілікпен жайған еді.

Ал қазір өзін діндар ретінде көрсеткісі келетін жат ағымдағылар сол тазалықты, ізгілікті көрсете алып отыр ма?» деп қынжылады ұстаз.

Болған оқиға негізінде жазылған бұл жағдай Атыраудағы мектептердің бірінде орын алған еді…

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Атырау қаласы

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды