jasqazaq.kz

Путин мен Трамптың кездесуі немен аяқталды?

16 тамыз 2025, 8:53

Аляскадағы В.Путин мен Д.Трамптың шағын құрамдағы келіссөзі 2 сағат 45 минутқа созылды.
Бұдан кейін Ресей және АҚШ президенттері баспасөз жиынына қатысты. Алайда жиын журналистер сауалынсыз өтті.
Дональд Трамп Украина мәселесі бойынша әлі толық түсіністік жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен ол Путинмен кездесуге «керемет» деген баға беріп, ризашылығын білдірді.
Владимир Путин кездесудің конструктивті өткенін айтып, Трампқа алғысын айтты. Ол Ресей мен АҚШ текетіресті қойып, диалогқа көшуі, сондай-ақ Украинада бейбітшілік орнату жолын іздеу керек деген пікірде.
Владимир Путин: «Трамп «президент болғанымда соғысқа жол бермейтін едім» деді. Менің ойымша, шынында да солай болар еді. Мен бұл сөзді растаймын. Президент Трамппен арада тамаша, іскерлік әрі сенімді қарым-қатынас бар. Осы бағыттан айнымасақ, біз Украинадағы қақтығысты аяқтауға жетеміз», — деді. Путин бейбітшілікке неғұрлым тезірек қол жеткізуді қалайтынын да жасырмады.
Қоштасарда Ресей президенті келесі кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынды. Трамп оған кет әрі емес сияқты.
Jas Qazaq

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр