jasqazaq.kz

Прокуратура жеке сот орындаушыларының жасырған табысын анықтап, қосымша салық өндірді

03 желтоқсан 2025, 10:22

Жетісу облысының прокуратурасы жүздеген миллион теңгеге жасырылған кірістерді анықтады.

Талдықорған қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының 2023 жылға арналған 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша тапсырылған декларацияда кірістерін айтарлықтай төмендету фактілерін анықтады.

inform.kz хабарлағандай, мұндай «көлеңкелі» тәжірибе салық заңнамасын ғана емес, адал салық төлеушілерге қатысты әділдік қағидаттарын да бұзады.

— Статистикалық деректерге сәйкес, аяқталған атқарушылық өндірістердің нақты көлемі 896,1 млн теңге болса, ал ұсынылған салық декларацияларында бар болғаны 231 млн теңге ғана көрсетілген. Айырмашылық 665,1 млн теңге, — делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының енгізген ұсынуының нәтижесінде үш жеке сот орындаушы қосымша салық декларацияларын тапсырып, соның негізінде 2,6 млн теңге көлемінде қосымша салық төледі.

Ұқсас заң бұзу  17 жеке сот орындаушысында анықталған. Бүгінгі уақытта прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында уәкілетті орган жеке сот орындаушыларының салық берешегін өндіріп алу шараларын қабылдап жатыр.

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді