Прокуратура 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу процесін тоқтатты

06 қазан 2023, 12:35

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тек биылдың өзінде Жетісу облысының прокуратурасы 3 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу процесін тоқтатты.
Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалап, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялады және т. б.
Прокуратура өкілдері 85 млн теңгенің сатып алу прцесін өткізудің алдын алды. Олар бойынша мемлекеттік органдар «бір көзден алу» тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысқан.
Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округ әкімі бар.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлғасына ӘҚБтК-нің 207-бабы (Мемлекеттік сатып алуды бұзу) бойынша жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді