jasqazaq.kz

PRO.NRG отбасылық ғылыми фестивалі: ғалымдардың жаңа буынының кеңістігі

11 қыркүйек, 14:16

STEAM, AI және жұмсақ күш: биылғы PRO.NRG отбасылық ғылымы фестивалі қандай болады

Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауының аясында ғылым, білім және инновация синергиясы ел үшін ерекше маңызды болып отыр. PRO.NRG жыл сайынғы ғылыми фестивалі осындай сын-қатерлерді жеңу жолында тиімді үлесін қосуда. Биыл ол Астанада, 20 қыркүйекте Мәңгілік ел даңғылы 55/18 мекенжайында өтеді.
Американдық саясаттанушы Джозеф Най енгізген «Soft power» (жұмсақ күш) термині дәстүрлі түрде мәдениетпен, саяси құндылықтармен және сыртқы саясатпен байланысты. «Жұмсақ күштің» ең қуатты құралы — ғылым. Ғылыми зерттеулері бойынша көшбасшы елдер өздерінің имиджін автоматты түрде нығайтуда. Сонымен қатар, ғылыми әлеуеті жоғары мемлекеттер әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдарды, зерттеушілер мен студенттерді тарту арқылы ішкі ортасын байытып, экономиканың дамуын ынталандыруда.
Бұл ретте PRO.NRG ауқымды отбасылық фестивалі стратегиялық маңызды ресурс ретінде қарастырылады. Ол цифрлық дәуірдің сынақтарына дайын білімді, инновациялық және бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға арналған құралдарды ұсынады.
Биыл шара ұйымдастырушылары 6 мыңнан астам қатысушыны күтеді. PRO.NRG Fest-2025 педагогтарды, тарихшыларды, эко-көшбасшылар мен жас стартаперлерді жинайды. Алайда, ең бастысы — ол балалар мен олардың ата-аналарына есіктерін айқара ашады.
PRO.NRG Fest-2025-те ересектер дәрістер мен сұрақ-жауап сессияларында өзекті тақырыптарды талқыласа, жас зерттеушілер робототехника мен инженерияның қызықты қырларын ойын түрінде ашпақшы. Жасөспірімдерді қазақстандық және халықаралық жетекші сарапшылардан танымдық шеберлік сабақтары күтуде. Мұғалімдер болса тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістемелерімен шабыттануға мүмкіндік алады.
Биыл фестиваль 30-дан астам ой-пікір көшбасшылары мен сала мамандарын жинайды. Олардың ішінде тарихшы-медиевист және популяциялық генетика маманы Жақсылық Сәбитов, медиа мұғалім және @proactive.teacher блогының авторы Аяш Мырзабекова, сондай-ақ педагог-жаттықтырушы және ustart.academy жобасының тәлімгері Ескендір Бестай сөз сөйлейді.
PRO.NRG 2022 жылдан бастап интерактивті сабақтары арқылы күрделі ғылыми идеяларды қол жетімді етіп, мыңдаған мектеп оқушыларын, олардың ата-аналары мен барлық ғылым әуесқойларын қызықтырып келеді. Фестиваль сондай-ақ тәжірибелі ғалымдар мен жас новаторлар арасында білім алмасуға тамаша алаң ретінде қызмет етеді, осылайша Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамытуға белсенді ықпал етіп келеді.
Іс-шараның тұрақты ұйымдастырушылары «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры мен «Шеврон» компаниясы биылғы фестивальге «Болашақ тамыры» («Rooted in the Future») тақырыбын ұсынды. Бұл жылғы фестивальдің тұжырымдамасы өсу, сабақтастық және дамудың белгісі ретінде «Білім діңі» метафорасына негізделген: өткеннің тамыры дәстүр мен мұраны бейнелейді, қазіргі діңі — заманауи білім, ал болашақ тармақтары — жаңа технологиялар болып табылады. Олар бірлесіп, сыни ойлауға және әлемге жауапкершілікпен қарайтын қабілетті жаңа ұрпақ — жапырақтарды қуаттандырады.

«Біз ең құнды ресурс — жас ұрпақ энергиясы екеніне сенімдіміз – деп атап өтті «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімше президенті Дерек Магнесс. «Жастардың оқуға деген құштарлығы, идеяларды қалыптастыру қабілеті және табиғатқа деген сүйіспеншілігі — ел болашағының негізі. Қазақстандағы 30 жылдан астам жұмыс істеу барысында біз білім беру, денсаулық сақтау және экологиялық ағартуды дамыту жөніндегі ауқымды жобаларға инвестиция жасап келеміз. Осындай әлеуеті бай жобалардың бірі – төртінші жыл бойы қолдап келе жатқан PRO.NRG Fest болып табылады».
Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында бүгінгі таңда әлемдік көшбасшылық ғылыми прогресс негізінде дамитын елдерге тиесілі екенін атап өткенін айта кету керек.
«Біз осындай елдердің қатарына кіруіміз керек. Сондықтан ғылымды дамыту сөзсіз басымдылық болуы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанның STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) және STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) салаларында педагогикалық білім беруді дамытуға ерекше назар аударып, осы бағытта нақты қадамдар жасап жатқанын айтып өткен жөн. Осындай қадамдардың бірі – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде және Қазақстанда SEAMEO STEM-ED STEM-білім беруді ілгерілету үшін құрылған SEAMEO ұйымының өңірлік орталығының басшылығымен іске асырылатын Оңтүстік-Шығыс Азия мұғалімдерін даярлау бағдарламасына (SEA-TEP) сәтті қатысу болды.
«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова, жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу арқылы білім беру болашағына үлес қосу маңызды екенін атап өтті. Ол оқушылардың әлемге кеңірек, тереңірек және жан-жақты қарау қабілетін қалыптастыру дәстүрлі мектеппен салыстырғанда маңыздырақ екенін айтты.

Оның айтуынша, STEAM-бағыттарда конвергенция — әлемдегі барлық құбылыстардың өзара байланысты екенін түсіну процесі байқалады.
PRO.NRG Fest-тің өзі STEAM мұғалімдері үшін толыққанды платформа екендігін атап өткен жөн. 2024 жылы Science on Stage Europe ұлттық іріктеу мәртебесіне ие болған фестиваль мұғалімдерге өздерінің инновациялық әдістерін көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен жылы қазақстандық кезеңнің жеңімпаздары Финляндияда өз жұмыстарын ұсынды, ал биылғы жыл финалистері 2026 жылы Литваға еуропалық кезеңге аттанады.
PRO.NRG-2025 ғылыми фестивалінің ең жарқын алаңдарының бірі — Art&Science секциясы ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұнда қазақстандық суретшілер мен креаторлар ғылыми идеяларын көз тартарлық көрнекі суреттер мен арт-нысандарына айналдырады. Бұл ғылым мен технологияға өнер арқылы қараудың, жаңалықтар мен қондырғыларды түсінудің бірегей мүмкіндігі.
«Caravan of Knowledge» жобасының жетекшісі Зарина Биюмбаева PRO.NRG Fest — бірегей тұжырымдамасы мен тегін қолжетімділігі бар Қазақстандағы жалғыз отбасылық білім беру фестивалі екенін атап өтті. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларды біліммен байытумен бірге қоғамдағы ғылымға деген шығармашылық көзқарасты ынталандыратын жаңа тақырыптар ұсынады.

Өткен фестиваль Атыраулық химик-парфюмер Лейла Өтеулиеваның өнерімен есте қалды. Ол өңірлік JasScience байқауында жеңіске жеткен «Аромагия — ғылым және қиял» жобасын ұсынды. Лейла зерттеуге деген қызығушылықты оятатын тәжірибелік сабақтар арқылы ғылымды тіпті қарапайым мектептерде де қызықты етуге болатынына сенімді. Ол PRO.NRG-ге қатысқанын балаларға әдеттен тыс ғылым мен өнердегі мүлдем жаңа тылсыммен танысудың құнды мүмкіндігі ретінде еске алады.

Astro Astana астрономия мектебінің негізін қалаушы және ғарышты танымал етуші Артур Гайдук та PRO.NRG Fest пен JasScience-қа бірнеше рет қатысқан. Ол білімді сіңірумен қатар тіпті кәсіпқойларды таң қалдыратын таңғажайып дүниелер жасай алатын балалардың әлеуетіне деген сенімділігімен бөліседі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев өткен жылы PRO.NRG Fest өткізу кезінде мұндай фестивальдердің қазақстандықтардың өскелең ұрпағын ағартудың негізгі құралы болып табылатынын атап өткен еді.
Оның пікірінше, мұндай алаң мектеп оқушыларының, жасөспірімдердің ғылымға, жаңа технологияларға және озық білім беру шешімдеріне деген қызығушылығын тиімді оятатын дәлелденген формат болып табылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы отбасылық ғылыми фестивальде қонақтарды жетекші сарапшылардың AI-практикумдары, ғылыми квесттер мен интерактивті digital-аймақтар күтеді. Әрбір қонақ бірегей геймификацияға қатыса алады, онда миссиялар мен челлендждерді орындап, ұпай жинап, естелік сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша, PRO.NRG Fest жай ғана фестиваль емес, ғылыми шабытқа арналған нағыз алаң екенін байқауға болады. Фестиваль шығармашылық көзқарас прогрестің ажырамас бөлігіне айналатын елдің ақылды және технологиялық болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосу арқылы барлығына оның белсенді мүшесі болуды ұсынады.
PRO.NRG Fest-2025-ке кіру тегін. Қатысуға ниет білдірушілер төмендегі сілтеме арқылы алдын ала тіркелуі қажет: https://pronrg.kz/reg2025.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда