Президенттер Тәжікстан тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралады

26 тамыз 2023, 15:05

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді.
Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.
Президенттер назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер қойылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Aqorda resmi

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз