Президент ҰҚК басшысын қабылдады

28 тамыз 2023, 19:34

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. 

Aqorda.resmi Телеграм-каналы хабарлағандай, Ермек Сағымбаев ҰҚК-нің биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейінгі тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді.
Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады. Атап айтқанда:
– террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, 3 экстремист сотталған;
– терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған;
Криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері:
– қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді;
– заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылған. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтаған. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленген;
– есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілген;
660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленген;
– мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4257 құқық бұзушы ұсталған;
– құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеген;
– қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылған;
– ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
JQ-Aqparat

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды