Президент тапсырмасы: Жастар комиссия алдында бизнес-жобасын қорғады

10 тамыз 2023, 9:57

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін айтып «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деген болатын. Осы ретте Шымкент қаласында Жолдаудың жүгін арқалаған бағдарлама шеңберінде арнайы түзілген комиссия 278 жас кәсіпкердің құжатын қарап, 129-ы оң қорытындысын алған. Бүгінге дейін 85 жас жеңілдетілген несиеге ие болып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Күні кеше Шымкент қаласында Президент тапсырмасына сәйкес, жастарға 2,5% несие беру бойынша комиссия отырысы өтті.

Несиелеу бойынша шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссияға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді. Комиссия төрағасы Талғат Балтабаевтың айтуынша, бұл бағдарлама қайтарымсыз грант секілді науқаншылыққа ұласпай, нақты көзделген мақсатқа жұмсалуы керек.

–Қазіргі жастардың басым бөлігі кәсіпкерлік саласында қызмет көрсету, жүк тасымалдау мен ауыл шаруашылығы оның ішінде ет пен сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Бұл мемлекеттік бағдарлама науқаншылыққа ұласпаса дейміз. Мәселен, өткен жылы мемлекеттен берілетін 400 АӘК көлеміндегі қайтарымсыз грант байқауында комиссия төрағасы болдым. Сол кезде үміткерлердің арасынан шын мәнінде осы қаржыға кәсіп бастаймын дейтін көзінде оты бар жандар небәрі 10 пайыз ғана болды. Көбінің «мемлекеттің тегін әрі қайтарылмайтын қаржысын алып қалсақ» деген ойы әңгімелесу барысында байқалатын. Қатысушылар арасында бизнес-жоспарын өзгеге жасатып, ол жерде не жазылғанымен де таныс еместері кездесті. Өкініштісі мұндай үміткерлер өте көп болды. Ал, бүгінгі жастарға бағытталған жеңілдетілген несиеде де дәл жоғарыдағыдай жағдайға тап болып жатырмыз.Үміткерлер тек мемлекеттің жеңілдетілген несиесін «алып қалу керек» дегенді көздеп емес, ел ішінде шағын өндірісті дамытып, бюджетке салық төлеп, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосуға ниеттенсе екен. Десе де, бұл бағдарламаны нақты бағыттарға бөліп, критерийлерін әлі де болса пісіру керек, – деді комиссияның төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев.

Кезекті рет өтіп жатқан комиссия отырысында 20-ға жуық үміткер бизнес-жобалары жайлы баяндап, қаржыны қандай мақсатқа жұмсайтынын қорғап бақты. Негізінен бұл мемлекеттік қолдау 21-35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады