Президент тапсырмасы: Шымкентте жылыжай шаруашылығына қолдау көп

28 тамыз 2023, 19:02

Шымкентте азық-түлік белдеуін қалыптастыру және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның бір бағыты биыл қалада 2 бірдей жаңа өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» деген еді.

Шымкент қаласында соңғы жылдары мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылшарушылығы оның ішінде жылыжай шаруашылығына қызығушы кәсіпкерлер саны артқан. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге жартысына дейін үкіметтен төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы қарастырылған. Бұл көмек түрлері кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырып, мегаполисте жылыжай шаруашылығын дамытуға септігін тигізуде.

Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудалануда.

Биыл тағы екі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Онда 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Қаратау ауданындағы «AGROPARK KZ» жылыжай кешені 5,2 гектар аумаққа орналасқан. Шілде айында жұмысын бастаған жобаның жалпы инвестиция құны 1 326,0 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 331,5 млн. теңгені мемлекеттен қолдау ретінде берілген.

Жылыжайда жылына 1 200 тонна көкөніс өнімін өндіру көзделген. Шілде айында қызанақ көшеті қондырылып, шаруалар қазір өнім жинау жұмысын атқаруда. Бүгінге дейін 40 тонна қызанақ жиналған. Бұл көкөніс бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа саудаланбақ. Жуырда өз жұмысын бастағалы тұрған «IGM-CORPORATION» жылыжай кешені Еңбекші ауданында орналасқан. Шаруа қожалығы 4 гектар аумаққа қызанақ өсіруді жоспарлауда. Жобаға 1050 млрд. теңге инвестиция салынбақ. Оның ішінде 262,4 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау ретінде қарастырылған. Аталған жылыжайда жылына 1 200 тонна қызанақ өндіру жоспарланған. Шаруалар өнімдерін қала нарығына шығарады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды