jasqazaq.kz

Президент: Өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелеп, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалаймыз 

28 қыркүйек 2025, 9:17

Елімізде жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі.
Бұл мереке халық игілігі үшін еңбек ететін жандардың жұмысына деген құрметтің белгісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек күнімен құттықтап,  бұл мерекенің еліміз үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы: «Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар.
Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз.
Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Біз қоғамда адал еңбекті кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақты еңбекқор етіп тәрбиелей отырып, Қуатты әрі Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалаймыз.
Жауапкершілігі жоғары, ниеті таза, отаншыл азаматтарымыздың арқасында біз дамыған және өркениетті ел болу міндетін абыроймен орындаймыз деп сенемін.

Қазақстанның барлық азаматтарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: ortcom.kz

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат