jasqazaq.kz

Президент мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды

17 шiлде, 12:26

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған.
Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.
Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтіп, жариялылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындыққа салғырт қарағаны үшін жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ нарықтың барлық субъектілеріне арналған тауарлы газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылауды кеңейту секілді маңызды бастамалар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн.
Президент мемлекет қаражатының жұмсалуын бақылауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар басы артық шығындарды азайту, ұлттық ресурстардан түсетін пайданы барынша еселеу қажет екеніне назар аударды.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті