Президент мектеп пен діни ұстанымға қатысты пікір білдірді

05 қазан 2023, 14:55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституция бойынша зайырлы мемлекет екенін, осы қағиданың барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы jasqazaq.kz сайты Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін Республикалық мұғалімдер сьезінде сөз сөйлеген Президент мектептің ең алдымен білім ордасы екенін айта келе «Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек, әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбеиелеу керек» деді.

Мемлекет басшысы зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды екеніне тоқталды. Бұл ретте Қ. Тоқаев «Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз» деп пікірін түйіндеді.

JQ-Aqparat

Фото: zhaikpress.kz

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді