Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – зор құрмет пен ризашылықтың белгісі

02 қараша 2023, 15:06

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсім барысында Виктор Орбанның екіжақты қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Бүгінгі жоғары деңгейдегі сындарлы келіссөздер біздің берік қарым-қатынасымызды тереңдетуге және стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың серпін берді. Халықтарымыз арасындағы достық арқауын және өзара тиімді байланыстарды нығайту ісіндегі айрықша рөліңізді ескере отырып, Сізді I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – зор құрмет пен ризашылықтың белгісі. Сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстанның – достас екі халық бірлігінің әрі өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қатынастарды нығайтуға деген ниетіміздің айқын көрінісі. Осы марапат ынтымағымызды одан әрі дамытуға және ортақ игілік жолындағы бірлескен жұмысымызға септігін тигізетініне сенімдімін», – деді Президент.

Қазақстанның жоғары наградасымен марапаттағаны үшін Виктор Орбан Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бар күшін жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу