jasqazaq.kz

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілеттігін кеңейтті

18 шiлде 2025, 14:43


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 14 шілдеде Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес:

— Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық мониторинг жүргізетін және өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ осы органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, — делінген Жарлықта.

Агенттік өз құзыреті шегінде шешім қабылдауда дербес, сондай-ақ облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесі және өзінің қарамағындағы ұйымдары бар.

Ережеге келесі қосымша функциялар енгізілді:

— агенттікке бағынысты ұйымдарға ақпараттық жүйеден деректер, мәліметтер және өзге де құжаттарды беру қағидасын бекітеді;
— кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңі мен мерзімін айқындайды;
— құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп психологиялық-әлеуметтік зерттеулер жүргізудің тәртібі мен әдісін бекітеді.

Сонымен қатар, жаңа редакцияда агенттіктің бірқатар функциясы жазылған:

— заңға сәйкес қаржылық мониторингке жататын ақша немесе өзге де мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асырады;
— агенттіктің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді, агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ агенттікке бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асырады;
— қызметке үміткердің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіші мен бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) айқындау тәртібі мен әдісін бекітеді.

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді