Президент Alacem цемент зауытының жұмысымен танысты

26 қазан 2023, 19:29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жетісу облысындағы жұмыс сапарында «ALACEM» цемент зауытының жұмысымен танысты.
Бұл зауыт Жетісу өңіріндегі ірі өндіріс ошақтарының бірі саналады.
2020 жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған Қазақстан-Сингапур бірлескен кәсіпорнында құрғақ әдіспен жылына 1,5 миллион тонна цемент өндіріледі. Жоба құны – 47 миллиард теңге. Зауытта, негізінен, азаматтық және өндірістік нысандар құрылысында кеңінен пайдаланылатын M400, M450, М500 маркалы цемент түрлері шығарылады. Мысалы, Үлкен Алматы өзеніне салынған «Аюсай» бөгетінің құрылысына осы зауыттың өнімі қолданылған.
Кәсіпорынның басқарушы директоры Станислав Щербаковтың айтуынша:
зауыт Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарының цемент өніміне деген сұранысын 65 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру барысында экологиялық таза, қалдықсыз өндіріс стандарттарына сай келетін озық технологиялар қолданылған. Сондай-ақ өнім процесін басқару үшін DCS интеллектуалды жүйесі енгізілген.
Кәсіпорынның өндіріс және көлік-логистикалық учаскелерінде 600 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар өнімді өткізу, дилерлік желілер арқылы қосымша 200-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Компания зауытты іске қосқалы бері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Кербұлақ ауданының дамуына 2,7 миллиард теңге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл қаражат Сарыөзек – Көктал жолын жөндеуге және аудандағы әлеуметтік жобаларға жұмсалды.
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу