Премьер-Министр: Кен орнында газ өңдеу қуатын дамыту да маңызды

06 қыркүйек 2023, 20:09

Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздің мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі.
1993 жылдан бері Солтүстік Каспийде ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ондаған келешегі бар құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді.
«Барлау жұмыстарының басты нәтижесі Қашаған кен орнының коммерциялық ашылуы туралы бүкіл әлемге жариялау болды. Бұл кен орнының ерекшелігі – мұнда орасан зор мұнай мен газ қоры болғанымен, оны игеру жұмыстарының күрделілігі», — деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов бүгінгі таңда осы қажырлы еңбектің нәтижелері көрініп отырғанын атап өтті.
Бүгінде шамамен 90 млн тонна мұнай, 55 млрд текше метр газ өндірілді;
$60 млрд-тан астам инвестиция тартылды, жергілікті қамтуды дамытуға $17 млрд-тан астам инвестиция салынды;
10 мыңға жуық адам, ал құрылыс кезеңінде 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар Солтүстік Каспий жобасының операторы – North Caspian Operating Company консорциумы алдында өндірісті одан әрі ұлғайту бойынша маңызды міндеттер тұрғаны атап өтілді.
«Кен орнында газ өңдеу қуатын дамыту да өте маңызды мәселе. Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма бергені белгілі. Біз оны белгіленген мерзімде әрі толық көлемде орындауымыз керек. NCOC ұжымының алға қойған мақсаттарына жетуі үшін зор әлеуеті бар екеніне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ҚР Премьер-Министрі Солтүстік Каспий жобасының ардагерлерін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

NCOC басшылары мен жауапты қызметкерлері, жоба ардагерлері ІІ дәрежелі «Парасат», «Құрмет», «Достық», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді