jasqazaq.kz

Премьер-Министр халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесін қадағалауды тапсырды

07 қазан 2025, 12:35

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде жылыту маусымының басталуына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жағдай туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады.

Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды. Еліміздің оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес және ауа райына байланысты беріледі. Өткен Үкімет отырысынан бері 1 энергоблок, 10 қазандық, 12 турбина, 29 шақырым жылу желілері, 828 электр желісі және 16 қосалқы станса жөнделді.

Премьер-министр өңір әкімдеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауға алуды тапсырды.
Олжас Бектенов: «Жылу көздеріндегі барлық жоспарлы параметрдің сақталуын, отынның нормативтік қорын қадағалап отыру қажет. Резервтік жабдықтардың әзірлігін қамтамасыз етіңіздер.

Коммуналдық қызметтердің жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуге тиіс. Сондай-ақ халыққа арналған көмір бағасының тұрақты болуын да бақылауда ұстау қажет»,
— деп атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді