Премьер-Министр: Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі нығайтуға ниеттіміз

24 қазан 2023, 15:58

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясының ашылуын қатысып, сөз сөйледі.

Еліміз Орталық Азия елдері арасында бірінші болып өз аумағында ЕӨК сессиясын өткізіп отыр. Оған ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге, сондай-ақ әлемнің 54 елінен келген денсаулық сақтау министрлері, вице-министрлері және медицина саласындағы сарапшылар қатысып жатыр.

Екі күндік сессия аясында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, инфекциялық және инфекциялық емес аурулармен күрес және т.б. мәселелерді талқылайды.
Өз сөзінде Әлихан Смайылов Қазақстан үшін азаматтардың денсаулығы ең негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықты медициналық қызметтермен қамтуда елеулі прогреске қол жеткізілді, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді.

«Біз аурулардың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша нақты жұмыс жүргізіп келеміз», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр республикада алғашқы медициналық-санитариялық көмектің бір-біріне байланыстырылған инфрақұрылымы құрылғанын атап өтті. Әр өңірде бір отбасыға толығымен қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін үздік практика орталықтары бар. Жалпы бүгінде МСАК-ты қаржыландыру жалпы көрсеткіштің 56 пайызын құрайды.
Өткен жылы Үкімет «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын бекітті. Оның аясында 655 жаңа алғашқы көмек нысаны іске қосылып, ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 32 аудандық аурухана жаңғыртылады.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов республикада орталықтандырылған жедел жәрдем қызметі және медициналық авиацияны дамыту үшін жағдай жасалғанын айтты.

«Инфрақұрылымға инвестиция салудан басқа, медициналық көмек көрсету қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен күш-жігерін талап ететінін естен шығармау керек. Сондықтан біз оларға жұмыс істеуге лайықты жағдай жасауға тырысамыз. Осыған байланысты жыл сайын дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өсіп отыр», — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, Үкімет саланы цифрландыруға, барлық ақпарат жүйелерін интеграциялауға және стандарттауға көп көңіл бөледі. Мысалы, электрондық денсаулық паспортын енгізу жоспарланып отыр, ол әр азаматқа денсаулығы бойынша ақпаратты қолжетімді етеді.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов келесі жылы протонды терапия жүргізе алатын жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашылатынын атап өтті.

«Біз болашаққа үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі нығайтуға ниеттіміз», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр Қазақстан медицина саласын дамыту бойынша талқылау мен ұсыныстарға ашық екенін атап өтті.
«Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына септігін тигізетін идеяларды ұсынуға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу