jasqazaq.kz

Премьер-Министр: Бизнесті шектен тыс тексеруден қорғау күшейтіледі

09 қыркүйек 2025, 13:10

Бүгін Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шараларға арналған Үкімет отырысында Олжас Бектенов экономикалық блоктағы тапсырмаларды орындауға баса назар аударды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Үкімет басшысы Президент мемлекеттік секторды реформалау бағытында нақты ұсыныстар дайындауды тапсырғанын атап өтті:
«Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттің экономикадағы үлесінің нақты шегін және басқаруға қойылатын құқықтық талаптарды заңнамалық тұрғыдан бекітуге тиіс.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты уақтылы игеруді қамтамасыз етуі қажет. Қаржылық тәртіпті күшейтіп, бекітілген бюджет параметрлерін қатаң сақтау және әрбір теңгені барынша тиімді пайдалануға күш салу керек».
Сонымен қатар бизнесті шектен тыс тексерістерден қорғау үшін Міндетті талаптар тізілімінің маңыздылығы атап өтілді.
Осыған байланысты Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе Интеллект арқылы реттеу орталығының құрылуын ескере отырып, Міндетті талаптар тізілімін толыққанды енгізуді тапсырды.
Сондай-ақ нормативтік актілерге ревизия жүргізіп, олардың Кәсіпкерлік кодексіне сәйкестігін анықтау қажет.
Олжас Бектенов шағын және орта бизнесті қорғау мен ынталандыру басты орынға қойылуы керектігін атап өтті.
JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат