jasqazaq.kz

Полиция заңсыз айналымнан 27 тоннадан астам есірткі тәркіледі

10 қараша 2025, 9:48

Ішкі істер министрлігі «Қарасора-2025» республикалық операциясының нәтижесін шығарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған маусым — қазан айлары аралығында полиция, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының және Қорғаныc министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары жұмылдырылды.

Жалпы: — 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды, — 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді, — құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 110 мыңнан астам бұталары жойылды, — 4 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталды, — 6 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды.

Өңірлер бойынша жарқын мысалдар: Жамбыл облысында 200 килограмнан астам марихуана тәркіленді.

Алматы әуежайында Үндістан азаматы анықталды. Ол елге 3 келі марихуананы алып кірмек болған. Жезқазғанда 100 келі марихуана тәркіленді. Қызылорда облысында салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора анықталды.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Есірткі жолына түскен әрбір адам анық түсінуі тиіс: жазадан құтылу мүмкін емес.

Сурет: Polisia.kz
Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді