Полиция мен ҰҚК қызметкерлері ауқымды операция жүргізді

10 қараша 2023, 15:27

Жетісу облысында браконьерлер тобын залалсыздандыру бойынша ауқымды арнайы операция өтті. Бұл жөнінде еліміздің Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ІІМ таратқан ақпарат бойынша, Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Балқаш көлінде заңсыз балық аулап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.
«Топтың құрамына Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындарынан тұратын 30-дан астам адам кірген. Олардың әрбірінің өз рөлі болған: ұйымдастырушылар, браконьерлер, тасымалдаушылар және сатып алушылар», – делінген хабарламада.
Шамамен 20 тінту іс-шарасы жүргізілді:
51 тоннадан астам балық;
38 атыс және травматикалық қару, олардың 15-і тіркелмеген;
450-ден астам оқ-дәрі;
ірі көлемдегі қаражат, діни әдебиет;
11 мотор қайығы;
ұзындығы 80 метрден 120 метрге дейін жететін 210 балық аулайтын ау тәркіленді.
Келтірілген шығын шамамен 270 млн теңгеден асады.

«Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша қылмыстық топтың барлық қатысушысы полицияға жеткізіліп, олардың төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу