jasqazaq.kz

Полицияға бағынбаған 11 миллион төлейді

15 ақпан 2017, 18:41

Билік өкіліне қарсылық үшін айыппұл 5 мың АЕК (11 миллион теңгеден астам) дейін ұлғайды – бұл норма құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасы аясында қарастырылған. Заң жобасын ҚР Мәжілісінің отырысында Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель оқыды.

Sputniknews.kz хабарлағандай,  бұл нормаға депутаттар наразы болып, бірқатар сұрақтар қойған. «Айыппұлдың күрт өсіп кетуіне және оның жасаған іске сай келмеуіне не себеп? Және айыппұлды көрсетілген мерзімде өтемесе, азаматқа қандай жаза қолданылмақ? Жұмыс топтарында депутаттар бұл түзетуге түбегейлі қарсы болған», — деді депутат Айзада Құрманова. Жауап ретінде бас прокурордың орынбасары депутаттың сұрағымен келісетінін айтып, «норманы ІІМ құрастырды» деп хабарлады және адам айыппұлды төлей алмайтын болса, оның орнына бас бостандығынан айырылады, 4 АЕК – 1 күн болып есептелінеді деп түсіндірді. ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов бұл айыппұлдың антитеррорлық операциялар барысында азаматтар билік өкілдеріне бағынбаған жағдайда салынатынын ескертті.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді