jasqazaq.kz

Полиция 10 күнде заңсыз айналымнан 55 келіден астам есірткі тәркіледі

21 қараша 2025, 10:13

10 күн ішінде полиция қызметкерлері әртүрлі есірткі қылмысымен айналысқан 14 адамды ұстады. Есірткіні жасырын қойып кетуші мен буып түюшіден бастап, ірі синтетикалық есірткі өндірушілерге дейінгі толық тарату арналары анықталып, жабылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінің жанында 38 жастағы ер адам ұсталды. Ол интернет-дүкенде курьер-буып түюші ретінде жұмыс істеген. Ол синтетикалық есірткілерді еліміздің әртүрлі өңірлерінен, соның ішінде Алматы облысынан алып, жасыру  арқылы сатқан. Ұсталған кезде ер адамнан 2 келіге жуық альфа-PVP тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында жас жігіттен сатуға арналған 1 келіден астам мефедрон мен альфа-PVP тәркіленді. Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде жасырын есірткі зертханасынын жолы кесілді. Жергілікті екі тұрғын ұсталды, олардан көтерме бағамен өткізуге дайындалған 52 келіден астам альфа-PVP тәркіленіп, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған 1 тонна прекурсорлар алынды. Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы, соңғы он күнде заңсыз айналымнан 55 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Осылайша, заңсыз айналымға 165 мыңнан астам бір реттік дозаның таралуына жол берілмеді. ІІМ-нің Есірткі қылмыстарына қарсы күрес комитеті қызметкерлері есірткі қылмыстарымен күрестің қатаң әрі ымырасыз жүргізілетінін атап өтті. Негізгі мақсат — ұлттың генофондын қорғау, жастардың денсаулығын сақтау және елдегі есірткі жағдайын жақсарту.

Сурет: ІІМ

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді