jasqazaq.kz

Полицейлер не үшін пара алады?

31 қазан 2016, 11:05

snimok

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев мәслихат депутаттарымен кездесу кезінде полицейлердің пара алуының негізгі себептеріне тоқталды.

«Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көшеде біреуді тоқтатса, олар пара ұсынатыны жасырын емес. Шынымен де қызметкерлер жемқорлыққа жол беріп жатады. Қазақта: «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз бар. Олар үнемі осындай жағдайға тап болатыны сондықтан», – дейді Бақытжан Малыбаев.

Оның айтуынша, Астанада жыл басынан бері пара алған 12 қызметкер жұмысынан қуылған.

«Мен өз қызметкерлерімді қорғап жатқан жоқпын. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Астанада 280 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 12-сі пара алған полицейлерге қатысты. Енді сол 280 мыңның 12-сін пайызға шаққанда көрсеткіш өте төмен екені белгілі. Бірақ мен жауапкершіліктен қашпаймын. Осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз», –дейді полиция қызметінің басшысы.

informburo.kz порталының мәліметінше, Бақытжан Малыбаев полицейлердің пара алуына жалақының төмен болуы да себеп болып отырғанын айтқан.

«Күн сайын жалақыны көтеру қажет екенін айтып келеміз. Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жасадық. Ең болмаса әкімшілік қолдаса жақсы болар еді. Сержант қызметіндегілер 55-60 мың теңге көлемінде алады. Ал көп жылдық тәжірибесі барлардың жалақысы 80 мыңнан аспайды. Олардың дені пәтер жалдап тұрады», – дейді ол.

Жалақы төмен болғандықтан кадр тапшылығы бар екен. Оның айтуынша, Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне 218 маман қажет.

Вaq.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді