jasqazaq.kz

Питер Фостер келесі жылы қызметінен кетеді

08 қазан 2025, 12:49

1 қазанда Air Astana компаниясын басқарғанына 20 жыл толғанын атап өткен Питер Фостер қызметінен кететін болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында бұл лауазымға қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалады.
Директорлар кеңесі жаңа басшының компаниядағы көпжылдық тәжірибесін және оның дамуына қосқан елеулі үлесін жоғары бағалаған көрінеді.
Сондай-ақ хабарламада: «Питер Фостердің 20 жылдық басшылығы кезінде компанияны өңірдегі жетекші әуе тасымалдаушысына және әлемдік деңгейде танымал брендке айналдырды», — делінген.
Еске түсірсек, өткен жылдың соңында Air Astana  басшысы Мәжіліс отырысында оңбай сөз естіген еді. Әуе компаниясына қатысты сын айтқан депутат Еділ Жаңбыршин күле қараған Фостерге: «Күлетін ештеңе емес. Сіз күлмеңіз. Сіз осы жерде отырып алып бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге ештеңені түсінбейтін Африкадағы абориген емеспіз. Бұл Парламент, осында халықтың өкілдері отыр», – деп шүйліккен болатын.
Қызметінен кетуіне сол жәйт себеп болған-болмағаны белгісіз. 1 қазанда «Форбста» жарияланған сұхбатында да кететіні туралы сөз жоқ.

Дегенмен Питер Фостер Air Astana-дан біржола кетпейді. Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі болып қалады.
JQ-Aqparat
Сурет: @sputnikKZ

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді