jasqazaq.kz

Перизат Қайрат ісі: тасқын кезінде НЗМ қызметкерлері 2,9 млн теңге жолдаған

17 шiлде 2025, 11:33

Елордада волонтер, қайырымдылық қоры жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша зардап шеккен жандардан жауап алу жалғасып жатыр.

Inform.kz хабарлағандай, бүгін қылмыстық істің үшінші эпизоды қаралып жатыр. Жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Жанерке Сатқымбековадан жауап алынды. Оның айтуынша, ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер атынан тасқын кезінде, нақты айтқанда 2024 жылғы 10 сәуірде банктің онлайн-қосымшасы Biz birgemiz қайырымдылық қорына 2,9 миллион теңге аударған.

Прокурордың «Неліктен дәл Biz Birgemiz қорын таңдадыңыздар?» деген сұрағына жәбір көруші:
«Өйткені, қор туралы барлық жерде жарнамаланды, сондықтан осы қорға жіберуді шештік», — деп жауап берді.

Қазір судья күдікті Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева сот барысында өзін жайсыз сезінуіне байланысты уақытша үзіліс жариялады.

Фото: inform.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді