jasqazaq.kz

PepsiCo, Mars Marriott, Hilton сынды алпауыт компаниялар бой көтереді: Алматы облысы инвесторлар назарында

27 қараша 2025, 18:19

Алматы облысы еліміздегі инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып келеді. Жақын уақытта мұнда PepsiCo, Lays, Mars, Marriott және Hilton сияқты әлемдік жетекші компаниялардың бірқатар ірі жобасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, PepsiCo компаниясы Lays чипстерін шығару үшін Нарынқолда өсірілген картопты пайдаланатын болады, ал Mars өңірде жаңа өндірістік желі ашу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар халықаралық қонақүй индустриясының алыптары – Marriott және Hilton брендтері Қонаев пен Алатау қалаларында жаңа қонақүйлер салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам өңірдің туризм және бизнес-туризм нарығына айтарлықтай серпін бермек.

Алматы облысы туризм мен инфрақұрылымды дамыту бағытында да қарқынды жұмыс жүргізуде. ASP-Arena спорт-туризм кешені, «Oi-Qaragai» курортының кеңеюі, жағажайлар мен демалыс аймақтарын абаттандыру — осының айқын дәлелі.

Өңірде қазірдің өзінде бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында: құны 70 млрд теңге болатын Focus Logistics логистикалық паркі, бетон өнімдерін шығаратын «Алтын таға» зауыты, заманауи LC Waikiki көтерме-тарату орталығы, экспортқа бағытталған Shin-Line фабрикасы, астық пен майлы дақылдарды терең өңдейтін «Қапшағай Бидай Өнімдері» агрокомплексі, Кеген ауданындағы «КегенМясПром» ет комбинаты бар.

Жыл соңына дейін тағы бірнеше А-санатындағы объектілер іске қосылады. Олар – MP Solution, Kusto Logistics, Еуразиялық логистикалық парк, Imagine Apple Logistics орталықтары. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің индустриалдық және логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін нығайтады. Сонымен бірге, Алматы облысында шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда: жұмыс істейтін субъектілер саны 156 мыңнан асты, ал олардың экономикалық үлесі 46%-ға жетті.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)