Павлодарда полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрды деп айыпталды

15 қазан 2023, 13:41

Павлодарда бір полицей екіншісін соққыға жыққан, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл ақпарат бірқатар БАҚ ресурстарында тарады. Кейбіреуі таяқ жеген тергеушінің әйел екенін жазды.

Осы жағдайға облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әлеуметтік желіде түсінік берді.

Оның айтуынша, 13 қазан күні Павлодар қалалық полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түскен.

«Менің тапсырмам бойынша полиция департаменті аталған факті негізінде қызметтік тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады» деп жазады Василий Скляр.

Қызметтік тергеудің нәтижесі бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді