jasqazaq.kz

Павлодарда екі баласын биіктен лақтырған әйел психиатриялық стационарда емделетін болды

25 қараша 2025, 9:38

Павлодарда екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген 34 жастағы келіншек қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Адам өлтіру бабымен айыпталған ол, сот шешімімен психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емделетін болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Жанна Нығыбаева судья: — Қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде есі дұрыс емес күйде болғандықтан, қылмыстық жауаптан босатылсын. Жайна Хамитқызына медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларының интенсив байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын.

Баянауыл ауданы Жайма ауылының тумасы Жайна Хамитқызы ақыл-есі кеміс болуына байланысты есепте тұрған. Ол шілденің аяғында 1 және 8 жастағы екі баласын бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберіп, өзі де секіреді. Сәби сол жерде тіл тартпай кетті. Ал үлкен бала екі апта ауруханада жатып, беті әрең бері қараған. Қазір ол туыстарының қарауында. Өзі де түрлі жарақат алған келіншек бір айдан кейін ауруханадан шығып, психдиспансерге жатқызылған болатын.

Сурет: Видеодан кадр

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады