jasqazaq.kz

Павлодарда ауыл әкімі ветеринария қызметінің фельдшерін соққыға жыққан

03 қазан 2025, 15:29

Полиция Қоянды ауылдық округінің әкімі мен фельдшер арасындағы жанжал тұрмыстық сипатта болған, екеуі татуласып үлгерді деп хабарлады.

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимовтың Екібастұз қалалық ветеринарлық стансасының фельдшерін соққыға жыққаны туралы хабар тарап кетті. Желі қолданушылары мемлекеттік лауазым иесі заңға томпақ әрекеті үшін жауапкершілікке тартылуы керек деген пікірде.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен азамат Екібастұз қалалық травматологиялық пунктіне хабарласқан.

— 27 қыркүйек күні травматологиялық пунктке бет-әлпеті соққыдан көгерген азамат келген. Ол өзін белгісіз біреудің ұрғанын жеткізген. Дәрігерлер тексере келе жабық бас ми жарақаты, бас миының шайқалуы, бет-әлпетінің көгеруі диагноздарын қойды. Хабарласқан адам удай мас болған әрі стационарлық емделуден бас тартқан. Оған емделу туралы ақыл-кеңес берілді және нарколог маманымыз әңгімелесті. Тұрғылықты мекенжайы бойынша емханадағы травматолог маманға бару ұсынылды, — деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасынан.

Ал облыстық полиция департаменті әкім мен фельдшер арасындағы жанжал кәсіби қызметке еш қатысы жоқ, тұрмыстық сипатта болған деп отыр. Екі тарап татуласып үлгерген.

— Оқиға кешкі уақытта, олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінен тыс мезгілде, салтанатты іс-шара барысында болған. Жағдай тұрмыстық сипатта болған, кәсіби қызметке еш қатысы жоқ. Олар кейін өзара татуласып, бір-біріне ешқандай арыз-шағым білдірмеген, — деп хабарлады полиция департаментінен.

inform.kz

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат