Павлодарда қанатты металдан алғаш рет көлік дискілері алынды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Еліміздің индустриалды орталығы алюминийдің бесінші балқыту кезеңін іске қосты. Жеңіл құрамды автомобиль дискілерін шығаратын кәсіпорын «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтерді. Зауыт алғашқы кезеңде жылына бір миллион дискі шығаратын болады. Бәсекеге қабілетті өнімнің 50 пайызын экспортқа шығару жоспарланып отыр. Құны 6,7 млрд теңгелік инвестициялық жоба 2020 жылға дейін жүзеге асырылады.
Болат Бақауов, облыс әкімі:
— Павлодар аумағында ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде алғаш рет алюминийден диск шығарып жатыр. Елбасы бізге осындай тапсырма беріп еді. Бүгін Тұңғыш Президент күнінің алдында бірінші диск шығарылды. Үлесі өте зор. Біріншіден – экономика, екіншіден – әлеуметтік. Мұнда 200-дей адам жұмыс істейді.
Сергей Мельников, кәсіпорынның бас директоры:
— Біз бірінші болып қолға алған жобаның еш қиындықсыз, сәтті жүзеге асып жатқанына қуаныштымыз. Қоспалы металды балқыту машинасына құйып, қырықтан астам дискіні шығардық. Жабдықтарымызды құрастырып, бәрін тексеріп шықтық. Арнайы экономикалық аймақтың біз үшін тиімділігі өте жоғары, ризамыз