jasqazaq.kz

Павлодар облысында өрттен екі бала қаза тапты (Видео)

15 қантар, 16:50

Павлодар облысында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі бала көз жұмды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Павлодар облысы Ертіс ауылында болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар «101» қызметіне сағат 08:33-те түскен. Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен.
Аймақтық ТЖД бастығының орынбасары Берік Омаровтың айтуынша, құтқарушылар келген сәтте үй толығымен отқа оранған. Жиһаздар, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін байқалған. Соған қарамастан өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кіріскен.
Нәтижесінде үш кәмелетке толмаған бала құтқарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген екі бала кейін көз жұмды.
Өрт шамамен 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт болған сәтте ата-аналардың немесе өзге ересектердің қайда болғаны туралы ақпарат берілген жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады