jasqazaq.kz

Павлодар облысында мембағдарламамен пәтер алғандар далада қалды

27 қантар, 9:22

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған отбасылар далада қалды. Себебі сапасыз салынған үйлердің алғашқы аязда қабырғалары жарылып, терезесін зең басып, төбесінен суық ұрып тұр дейді тұрғындар. Сол себепті олар суық баспанасын тастап, басқа пәтер жалдауға мәжбүр болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Мамаит Омаров атындағы ауыл Павлодардан сексен шақырым жерде орналасқан. Осы өңірден пәтер кілтін алған отбасылар үшін қоныс тойындағы қуаныш су сепкендей басылды. Баспананы ұзақ жыл күткен халық әкімдік жаңа үйді кенет бергенде, «ешбір шикілік байқамап едік» дейді. Өткен жылдың жазында қол жеткізген баспаналары күздің нөсерінде-ақ тауқымет тартқызған. Енді қыстың аязында үйдің ішінде етік киіп жан бағып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, қабырға күн сайын емес, сағат сайын жарылады. Даладағы сары аяз үйдің әр бұрышынан сезілетін көрінеді. Тұрғындар үйді жылыту үшін пешті көбірек жағуға тырысқанымен, сүйектен өтетін суықты жеңу мүмкін болмай отыр дейді. Қазір жаңа үйге кірген он отбасының тек үшеуі ғана осында тұрып жатыр.

Дірдеңдеп тоңған тұрғындардың мәселесіне аудан басшылары бас қатырмайтын сияқты. Себебі кем-кетікті түзетуге құрылыс компаниясының әлі бір жыл уақыты бар деп, олар жайбарақат отыр.

Әди Таласпаев, Ақсу қаласының әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы: — Бүгінде техникалық тексеру бойынша бұл үйлерде тұруға болады. Осыған байланысты сараптама қорытындысы, яғни с тексеру жүргізілді. Ол бойынша жою туралы ұсыныс берілді. Бұдан әрі қалпына келтіру жүргізіледі.

Сурет: Видеодан кадр
Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге