jasqazaq.kz

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

09 қантар, 19:39

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс тобы былтыр 8 қазанда Президент өкімімен құрылған болатын. Алғашқы отырысы Мемлекет басшысының қатысуымен 14 қазанда өтті. Сол күні Президент тапсырмасы бойынша азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жинақтау мақсатында e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі ашылды.
Жұмыс тобының 2 желтоқсанда өткен екінші отырысында жаңа Парламентті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Үшінші отырыс 29 желтоқсанда ұйымдастырылып, болашақ Парламенттің заң шығару үдерісінің негізгі тетіктері талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші алдағы реформаға қатысты қоғамда жарты жылға жуық уақыт бойы кең көлемде талқылау жүргізіліп келе жатқанын еске салды. Сонымен қатар Ерлан Қарин парламенттік реформа Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды саяси жаңғырудың бір бөлігі екенін атап өтті. Оған 2019-2021 жылдары жүзеге асырылған саяси реформалардың төрт пакеті мен 2022 жылғы Конституциялық реформа жатады. Жалпы алғанда, Президенттің барлық реформасы мемлекеттің институционалдық орнықтылығын нығайтуға, саяси жүйені заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған.
Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөнінде жинақталған ақпаратпен бөлісті. Бүгінге дейін e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы Жұмыс тобына халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 500-ден астам ұсыныс келіп түсті.
Бұл жолғы отырыстың негізгі тақырыбы болашақ Парламенттің басқа да билік институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне және бірпалаталы жаңа Парламенттің атауын қарастыруға арналды.
Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев болашақ Парламенттің мемлекеттік биліктің басқа да институттарымен өзара іс-қимылы кезіндегі өкілеттіктеріне қатысты жалпы тәсілдер туралы айтты. Бұл тәсілдер Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әзірленген.
Жұмыс тобының Азат Перуашев, Марат Шибұтов, Елнұр Бейсенбаев, Марат Башимов, Индира Әубәкірова, Асхат Рахымжанов, Алуа Ибраева, Үнзила Шапақ, Қарлығаш Жаманқұлова, Ерлан Сәрсембаев секілді мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Отырыс барысында Жұмыс тобының мүшелері ел Конституциясына енгізілетін алдағы өзгерістердің ауқымды екенін жеткізді. Бұл өзгерістер заң шығарушы билік жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, негізгі мемлекеттік институттар арасындағы өзара іс-қимылдың тұтас жүйесін едәуір жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша Жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырды.
Парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты тәсілдерді әзірлеу ісі Жұмыс тобының алдағы отырыстарында кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму