jasqazaq.kz

Парламентте жүрген тілші неге сенсация іздейді?

02 ақпан 2023, 13:54

Байқаймыз, соңғы кезде жазарман қауым қайдағы бір «көр-жер сауалға» әуес болып алды. Бүгін де, міне, Мәулен Әшімбаевқа өткенде қайтыс болған Г.Кәрімованың өліміне қатысты Сенат тексеру жүргізе ме деген сауал қойған екен.

Сенат төрағасы депутаттың кенеттен қайтыс болуына қатысты Сенат тексеріс жүргізбейді деп жауап берді.

«Бұл жағдайда Сенат ешқандай тексеріс жүргізе алмайды, жүргізбейді, ондай әрекет заңда қарастырылмаған. Марқұмның туыстары мен дәрігерлер оқиғаны сараптап, себептерін атады. Бұл мәселені талқылаудың да жөні жоқ деп ойлаймын. Қандай да бір пікір айту адами тұрғыдан да, этикалық тұрғыдан да артықтау болар. Туыстарының, балаларының сезімін ойласақ. Әріптестер, тақырыпты осымен жабуды ұсынамын, — деді Сенат спикері.
Расында да, сенсация іздеудің шегі болуы керек қой!

Парламент заң шығаратын орын екенін ескерсек, ішінде жүрген журналистер талқыланып жатқан заңға қатысты сауалдарға басымдық бергені дұрыс болар еді. Әрине, олар да заң жобасын бүге-шігесіне дейін білуі керек. Алдағы уақытта Парламентте жұмыс істеу үшін тіркелетін тілші қауымға осындай талап қойылғаны дұрыс шығар?! Әйтпесе, әлгіндей қитұрқы сауалдарға тоқтау болмайтын сияқты.

Гүлнар Ахметова

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді