Парамен оқуға түсемін деп, алаяққа алданды

12 қазан 2023, 14:36

ҰБТ-дан төмен балл жинаған Астана қаласының тұрғыны қандай жолмен болмасын оқуға түсуді ойлаған. «Мәселесін шешу үшін» 1,5 млн теңге берген ол алаяқтың құрығына түсіп, сан соғып қалды.
12 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Ол балы төмен болып түсе алмай қалған оқу орнына кіру үшін пара бергенін мойындаған. «Жоғары жақта танысым бар» деген бір жігіт оған 1,5 млн теңгеге оқуға түсіруге уәде еткен.

Ол студент атану үшін алдын ала 600 мың теңге төлеуге келіскен, алайда «жоғары жақта танысы бар адам» ақшаны алып, хабарсыз кеткен. Астаналық жігіт алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан.

Полицейлер күдікті ретінде 28 жастағы жігітті ұстады. Оның тағы бір осындай іске қатысы бар екені анықталды. Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді