jasqazaq.kz

«Пара» деген жазуы бар ақша банкоматта қайдан жүр?

28 желтоқсан 2016, 9:55

Атырау банкоматтарының бірінен қолма-қол ақша шығару кезінде номиналы екі мың теңге болатын арнайы «пара» деген белгісі бар ақша шыққан.

ҚазАқпарат хабарлағандай, жазу қалыпты жарықта көрінбейді, алайда ультракүлгін аппараты арқылы тексергенде «взятка» сөзі тайға таңба басқандай жазулы тұр, деп жазды «Ақ Жайық». «Банкоматтан ақша алғанша әмиянымда он мыңдық және бес мыңдықтардың болғанын анық білемін және банкоматтан екі мың теңге, мың теңгелік ұсақ ақшалармен он мың теңге алдым. Қателесуім мүмкін емес, телефоныма ақша алынғаны туралы хабарлама да келген», — деп түсіндірді белгісі бар ақшаны алған ер адам. «Қазақстан ұлттық банкі» РММ Атырау филиалы қолма-қол ақша және кассалық операциялармен жұмыс жөніндегі экономикалық бөлімінің бас маманы Әйгерім Бейсенғалиева ақша айналымында мұндай банкноттың жүрмейтінін айтты. «Ұлттық банктің №477 қаулысымен бекітілген ұлттық валюта банкноттары мен тиындарының төлем қабілеттілігін анықтайтын ережелер бар. Ультракүлгін сәулесімен көрінетін бөтен жазуы бар банкноттар тозды деп танылады және айналымнан шығарылады», — деді ол. Басылымның жазуынша, купюраны құқық қорғау органдары операция жүргізуге қолдануы мүмкін. Бірақ, мұндай банкноттар Ұлттық банкке берілуі тиіс еді, купюраның айналымға қалай түскені белгісіз.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті