Pandemials

29 қантар 2021, 11:23

Газетіміздің бұл санында редакцияда өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттер жүргізген сауалнаманы жариялап отырмыз. Пандемия кезіндегі жастардың тыныс-тіршілігі төңірегінде. Социологияның талапшыл шарттарына сай келмеуі де мүмкін. Дегенмен, қазынадан қыруар қаржы алатын, бірақ қызметі шынайы өмір мен қазақ тілді ортадан алыстау зерттеу орталықтарының есебіндей емес, өмірге жақын. Өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге тиіс құзырлы мекемелер бұған назар аударса, қанеки.

Өйткені, күнделікті тіршілікке тоқтаусыз еніп жатқан өзгерістер осы мәселеге айрықша мән беруді талап етеді. Әсіресе, жас буынның азаматтық ұстанымы мен көзқарасын білдіруде әлеуметтік желі өзінің ықпалды күш екенін дәлелдей түсті. Бұл осы Америка мен Ресейде болған шеру кезінде де анық байқалды. Содан шығар, сарапшы қауым дереу «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» дейтін қанатты сөзді қайта еске түсірді. Бұл жерде «саясат» деп жастар түйткілін меңзегені түсінікті.

Коронавирус кеселі Pandemials, яғни «Пандемия толқыны» дейтін жаңа терминді дүниеге әкелді. Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF) ендігі жерде адамзаттың жаңа құбылыспен бетпе-бет екендігін жария етті. Ұйымның есебінде пандемиядан, әсіресе, жастардың айтарлықтай зардап шеккені айтылған. Мәселен, түрлі цифрлық (интернетті пайдалану) алшақтық (digital gap) ұлғайып барады. Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрғындардың бәрі ғаламторды пайдаланады. Бірақ Бангладеште бұл көрсеткіш небәрі -12 пайыз. Соның кесірінен цифрлық технологиядан мақұрым жұмысшы табы (dijital underclass of workers) қалыптасып келеді.

Қашықтықтан оқу кезінде оқушы мен студент биік төбе мен үйдің шатырына шығып кеткен бізде қандай? Құзырлы министрлікті тыңдасаң, «қияндағы ауылда да ешқандай проблема жоқ». Интернеттің игілігін қала жұрты көріп жүр. Алдамшы жарнаманы әнші мен блогердің табыс көзіне айналдырып алғанын бәрі біледі. Ауылдағы ағайынға шексіз, шетсіз мүмкіндік әзірге арман.

WEF аталған салаға арналған зерттеуінде тағы бір қорқынышты деректі алға тартады. Әлемдегі жастардың үштен бірі цифрлық білім беретін технологияға қолы жетпейді. Ал 80 пайызы, сөз жоқ, пандемия кезінде зардап шекті. Соның салдарынан пандемия толқынын құрайтын 15 пен 24 арасындағы жастарды ең алдымен жеткілікті жалақы, сапалы білім жайы толғандырады. Өмірімізге дендеп еніп жатқан цифрлық технология білімдінің қарнын тойғызып, оған қолы жетпегенді көштен кейін қалдыратын сияқты. Ресейлік публицист Леонид Млечин былай деп жазады. «Ескірген өндіріс ошақтары жабылып, адамдар қажет болмай жатыр. Ал жоғары технологиямен жұмыс істеуге олардың білімі жете бермейді. Адамдардың табысы азайған сайын олар мемлекеттің қолдауына арқа сүйегісі келеді. Міне, осыдан кейін ұраншыл популизм саяси сахнаға қайта оралды».

Пандемия толқыны ешбір елді бей-жай қалдырмайтын қатал құбылыс. Ол өскелең ұрпақ тағдыры назардан түспейтін көкейкесті мәселе екенін тағы да қаперге салып отыр.

Срайыл Смайыл

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?