Пәлен жерде алтын бар. Барса…

26 желтоқсан, 17:55

Өткенде журналист Дархан Әбдік «Dope Soz» подкастында жас буынға арнап: 
«Қазіргі жастарға айтарым – кетіңдер. Қабілеті барларға. Қазақстан жуық арада оңалмайды», – деп ақыл айтты.
Әлбетте, бұл пікір қоғамда екі жақты көзқарас тудырды. Бірі мұны ашық айтылған пікір десе, енді бірі жастарды елден кетуге итермелеу деп сынады.
Қоғам белсендісі, журналист Жазира Бегалы қарсы шығып, елден кетуді мәселенің шешімі деп қарастырмайтынын айтты. Ол шетелге көшіп, кейін кері оралған таныстарының оқиғасын мысалға келтірді:
«2010 жылдары менің екі танысым Алматыдағы дүние-мүлкін сатып, Еуропаға көшті. Олар Қазақстанды сынап, дамыған елде бақытты өмір сүруге бел буды. «Еуропаға қарап ұли беріңдер» деп байланысты да үздім. Олар кетті. Бизнес дамытып, екеуі байып кетпеді. Бір жылдан кейін елге оралды. Қазақтың кең, дархан жерімен жылап көріскендей болды. Ана жақта, бөтен елде қатты қиналған секілді. Алматыда пәтер жалдады. Жалдамалы үйлерде түсіне кірмеген оқиғаларды басынан өткізді. Қазір сол оқиғаны еске аламыз. Бұрынғы ұрыс-керісті ұмыттық», – дейді. Жазира Бегалының пікірінше, жастар шетелге тек білім мен тәжірибе жинау үшін баруы керек: «Болашақ» бағдарламасын алып қарасақ та болады. Бірақ бұл елден көшіп кетуге емес, керісінше, әлем елдерінде тәжірибе жинап, соны Қазақстанның болашағы мен игілігіне пайдалануға бағытталған бағдарлама ғой. Шетелдік компанияларда жұмыс істеп, өмір сүріп, солардың мәдениетін көріп, соны келіп Қазақстанға енгізіп, жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп жатсақ, керемет емес пе? Мен елдің болашағы көретін жастар, міне, осылар. Олар елден кетсем демейді, керісінше, ертең балалары жақсы елде, жақсы қоғамда тұрсын деп қазірден ел үшін еңбек етуге тырысады. Асылында көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар жастарымызды шетел асып кетуге емес, елімнің ертеңі үшін не жаңашылдық енгізіп, нендей өзгеріске себепкер болсам екен деп үйреткеніміз дұрыс болар еді. Біздің бір ғана Отанымыз бар екенін ұмытпайық».
Статистикаға сүйенсек, елімізден жылына кем дегенде 100 мыңдай азамат шетелде білім алуды таңдайды екен. “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатқан PhD доктор Алтын Ақынбекованың пікірін білдік.
«Шетелдік профессорлармен пікір алмасу, тәжірибе бөлісу – қазақ ғылымының дамуы үшін өте маңызды. «500 ғалым» бағдарламасының арқасында шетелде тағылымдамадан өтіп, жаңа білім мен тәжірибені өз елімнің игілігіне пайдалануға дайындалып жатырмын», – дейді ол.
Шетелде жүріп, елге деген сағынышының ерекше екенін де жасырмады.
«Америка қарыштап дамыған ел болғанымен, өз елімізге ештеңе жетпейді. Біздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүріміз, тәрбиеміз, құндылықтарымыз – бәрі баға жетпес мұра.
Алматыны қатты сағындым. Еліме қайтып, университеттегі студенттеріме білім беруді жалғастырамын», – дейді Алтын Ақынбекова.
Сөйтіп Дархан Әбдік жастардың шетелге біржола кетуін қолдаса, Жазира Бегалы ел үшін  қызмет етуге шақырады. Осындай пікірталастардан түйгеніміз — Қазақстанда білім мен тәжірибеге, дарынды жастардың дамуына көбірек көңіл бөлу керек

Ал шетелге кету – әркімнің жеке таңдауы. Бірақ елден кету немесе қалудың басты мақсаты – туған жердің дамуына үлес қосу болуы тиіс. Ел ішінде білім мен ғылымға ашық жастардың әлеуметтік, мансаптық жағдайы артатын болса, Қазақстанның болашағы жарқын болары сөзсіз.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: brif.kz

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?