jasqazaq.kz

Пәтерін жалға бергендер неге тіркелмейді?

18 қазан 2016, 17:19

20161018162207

Елімізде баспананың едәуір көлемдегі үлесі назардан тыс қалып отыр. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов мәлім етті.

«Біз статистиканы қарап шықтық. Бүгінде тек Астанада 15 мың жеке кәсіпкер салық органдарында жалға беруші ретінде тіркелген. Ойлап қараңыздаршы, осы ретте үйлерін жалға беріп жүрсе де, тіркелмеген қаншама адам бар? Өздеріңіз білесіздер, Астанада жалға берілетін үйлер мен пәтерлердің үлесі айтарлықтай көп. Енді, Азаматтық Кодекстің 544 бабына сәйкес, жалға беруші жалға алып отырған кез келген адаммен ауызша шарт жасасуға құқылы. Алайда, жақында ауызекі шартты бекіткеніне байланысты ол ертеңгі күні қаншалықты есеп береді немесе бермейді? Осы ретте назардан тыс қалып отырған ауқымды көлемдегі баспана бойынша сұрақ туындайды»,-деді Ж. Жарасов.

Депутат өз сөзінде Ақтөбеде лаңкестер қылмысқа жалдамалы пәтерде дайындалғанын, сондай-ақ терактілерді жасағаннан кейін де жалға алынған пәтерлерде жасырынғанын атап өтті.

Оның пайымынша, бұл сегментті тәртіпке келтіру қажет болып тұр. Ол өз сөзінде дамыған елдерде жеке тұлғаларды тіркеуге тұрғызудың ережесі бар екендігі және ол талаптар қатаң сақталатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 5 қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Депутат Жанат Жарасов аталған заң жобасы бойынша Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі болып табылады.

ҚазАқпарат

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді