Өзім салған ақшамды қайтарып алдым

26 қыркүйек 2023, 13:20

Продюсер Дархан Жолшыбеков «Өзіміз ғой» бағдарламасына сұхбат берген кезінде Садрадиннің концертіндегі қателіктер мен ұйымдастырылуы туралы айтты.

Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.

Оның айтуынша, концерт өткізетін кезде ешқайсысы ақшаны ойламаған.

«Садраддиннің концерті туралы бір-екі қате ақпарат тарап кетті. Негізі бұл концерт тегін болу керек еді. Яғни, Садраддиннің алғашқы концерті деп ауқымды етіп ойластырғанбыз. Бірақ мұндайдың біздің қолымыздан келмейтінін түсіндік. Себебі, ашық алаңда 100 мың адам қиындырдық тудыратын болды. Бірақ әуел бастан біз ақшаны ойламадық. Адамның жиналмауы, концерт билетінің өтпеуі деген бізге қызық емес болды. Ойлана келе, концерттің барлық стандартты талабына сай жасайық деп шештік», — деді Дархан.

Сондай-ақ, ол Садраддинге ақша бермегенін атап өтті.

«Көпшілігі «Міне, Садраддин, мынау 70 млн теңге, сен концертіңді істе» деген сияқты деп ойлайды. Негізі олай емес. Садраддинге, қасында жүрген адамдардың ешқайсысына ақша берген жоқпын. Маған «сахна құрып жатырмыз», «жарық қойып жатыр». «Мынаған ақша керек» деген сияқты айтып отырды. Мен соған ақша жіберіп отырдым. Садраддин мұны өзі де істей алатын қаражаты бар еді. Бірақ бұл әуелгіде менің идеям болғандықтан, өзім жасайын деп шештім. Садраддинге «ақшаны ойлама, концертіңе дайындал» дедім. Себебі оркестрмен жанды дауыста ән айту оңай емес. Сенесіз бе, концерт бірінші аптада ақшасын шығарып қойды. Барлығы өткен соң өзім салған ақшамды қайтарып алдым. Үстінен бір тиын да алмадым. Себебі маған ақша керек емес.
Жалпы Садраддиннің ақшаға қатысы жоқ. Оның анасы қаржылық мәселесінің барлығын шешіп отырады», — деді ол.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді