Екі жыл бұрын өз-өзіне тұрмысқа шыққан британиялық әйел отбасылық өміріндегі опасыздық туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі This Morning бағдарламасына сілтеме жасап.
This Morning бағдарламасына сұхбат берген әйел Руари Баррет есімді ер адаммен кездесіп, опасыздық жасап жүргенін айтқан. Ал ер адам осы уақытқа дейін полигамды қарым-қатынастың жақтаушысы болған екен. Олардың ара-қатынасы бес айға созылып, артынша Баррет британиялық сүйіктісінен үлгі алып, өзіне үйленген.
Отбасылық өмірде опасыздық жасағанына қарамастан, Теннер өзімен ажыраспайтынын айтады. Бұған «Бізді өлім айырмайынша бірге боламыз» деген уәдесі себеп болған. Әйел өз-өзіне 2015 жылдың мамыр айында тұрмысқа шығып, тойына он шақты туысы келген. Артынша әйел бал айын өткізу үшін шетелге аттанады.