jasqazaq.kz

Өз еркіңізбен алданбаңыз!

28 ақпан 2020, 11:46

Кезінде Ресейде «МММ» деген болды. Мавродидың қаржы пирамидасына миллиондаған адам алданып қалды…
Біздің еліміздегі ломбард пен қаржы пирамидалары арқылы келген шығын 5 миллиард теңгеден асып түскені белгілі болды. Осыған байланысты құқық қорғау органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 2 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Қаржылық пирамидаға алданып қалған 42 мың адам бар екен.

«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» деген компаниялардың қызметі заңсыз болғаны анықталып жатыр. Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы – нағыз алаяқтық схема. Олар салымшылардың көп санын тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнамалық науқан жүргізген. Whats App мессенджерінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары чат құрып, оған барлық салымшылар кірген.
Қаржылық алаяқтықпен айналысқан серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатқан және халықтан ұрлаған ақшамен дереу бой тасалады. «Ақшаң барда қалтаңда, олай-бұлай талтаңданың» кері келді.
Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен 2121 ломбард бар екен. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға қарыздар беретін ломбардтар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде өзінің заңды тіркелу орны бойынша есептік тіркеуден өтуге тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін есептік тіркеуден өтпеген компаниялар таратылуға жатады.
Танымал әлеуметтік желілердің жабық топтары жарнамалық іс-әрекет жасайды. Менің ойымша, осындай желілер қатаң бақылауға алынуы тиіс.
Ақшаны дұрыс жұмсауды үйрене алмай жатырмыз. Мемлекет кепілдік беретін банктік депозитке салған әлдеқайда тиімді ғой. Қаржыңыз артылып бара жатса, салынған қаражаттың қайтарымдылығына кепілдік беретін банктерге салыңыз.
Бір сөзбен айтқанда, «өз еркіңізбен» алданбаңыз!

Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке