jasqazaq.kz

Өз баласын тепкен ер адам қамауға алынды (видео)

05 желтоқсан 2017, 13:06

Өз баласын көшеде аяусыз тепкен Бариер Адиев Октябрь сотының шешімімен екі айға тергеу изоляторына қамалды, — деп хабарлады K-News басылымы Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасына слітеме жасап.

Оған қатысты бұлтартпау шарасының бүгін қабылданғаны айтылады. Ер адамға қатысты Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды. Еске салайық, қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары Facebook желісінде және Instagram желісінде танымал топтарда жарияланған видеоны қызу талқылап жатыр. Ер адам Соқылық мемтіркеу басшысының орынбасары болып шықты. Оның аты-жөні — Бериер Адиев. Бұл мәліметті органның баспасөз қызметіндегілер растаған. Олар таратқан хабарға сенсек, мемтіркеу басшысы ер адамды жұмыстан шығару туралы тапсырма беріпті. Портал Қырғыз Республикасы Әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып, Адиевтің әйелі — Асель Эржанованың өз күйеуін ата-ана құқығынан айыруды талап еткенін хабарлады. Әйелдің өзі бұл оқиға жайлы жаңалықтардан біліпті. Баласы Елхан отбасында жалғыз ұл екен.

Ал кейінірек ер адам өз баласын неге аяусыз тепкенін айтып берген болатын. Бариер Адиев баласын жерден көтердім деп отыр. Шамамен сағат 16.00-де үйіне кірген. Кейін ол шаруаларымен шығып кеткен. Ал біршама уақыт өткенде оған әйелі хабарласып, Интернеттен видеоны көргенін айтқан. Содан олар ұрысып қалған. Бариер Адиев болса видеоны монтаж деп отыр.

https://youtu.be/Ox6WsTo85PQ

tengrinews.kz

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады