Отандық шахматшылар әлем чемпионатының жартылай финалында

10 қыркүйек 2023, 14:08


Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Дүбірлі дода Польшаның Быдгощ қаласында биыл тоғызыншы мәрте жалауын көтерді,- деп жазды inform.kz.
Павел Коцур баптайтын ел құрамасы бұл жолы Германияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Сайыс барысында алдымен ел құрамасынан Алуа Нұрманова сәтті ойын көрсетті. Ол қарсыласы Джозефина Хайнеманнды қапы қалдырды. Одан кейін Бибісара Асаубаева Элизабет Патцтің осал тұсын тапты. Ал жас шахматшы Әмина Қайырбекованың жеңісі Қазақстанды жартылай финалға шығарып, қорытынды есепті бекітті.
Енді ел құрамасы жартылай финалда Франциямен кездеседі.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 4 жеңіске қол жеткізіп, соңғы турда Грузиямен тең түскен еді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді