Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі

23 тамыз 2023, 12:34

Шымкент қаласының тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме. Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді. Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімдігі таратқан хабарламаға сәйкес, қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі — кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.

Бұл кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды. Оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8% кәсіпкер төлейді.Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.

Айта кетсек, Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен инвестициялық штаб жиынында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер қаралды. Бұл жиында негізгі капиталға салынған инвестициялардың биылғы жылдың 7 айында орындалу барысы және алдағы 8 айға жоспары түзілді. Сонымен, бүгінгі отырыста 7 жоба мақұлданды. Айта айтқанда, әр түрлі тұрмыстық салада тұтынатын гидравликалық және резеңке шлангілер шығаратын зауыт құрылысы, құрылыс саласында қолданылатын эмульсиялық бояулар өндіретін зауыт, пластикалық құбырлар шығаратын зауыт, металл және профильді үй шатырларын өндіру цехының құрылысы, жиһаз зауыты «Жұлдыз» индустриалдық аймағында жүзеге асады.

Алтыншы жоба ауыл шаруашылығындағы түйіршіктелген мал азығын өндіретін цех құрылысы «Бозарық» индустриалды аймағынан орын алады. Сонымен қатар, отандық аяқ киім фабрикасының құрылысы «Оңтүстік» индустриалдық аймағында тіркелетін болды. Кәсіпорын қазір құжат рәсімдеу сатысында. Мұрат Дүйсенбекұлы жиын барысында жобалардың жыл соңына дейінгі көрсеткіштерінің өз деңгейінде сапалы орындалуына көңіл бөлуді тапсырды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз