Отандық IT саласы дамиды

13 қыркүйек 2023, 10:55

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын ілгерілетуге қатысты бірнеше министрлікке міндет жүктеді.

«Цифрландыру министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Алматы және Қарағанды облыстарының тәжірибесі негізінде әр өңірде IT-хаб құруы қажет. Әкімдіктер адам капиталын дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін программистерді, дизайнерлерді, инженерлер мен осы саланың өзге де мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін IT-мектептер құру қажет. Ғылым және жоғары білім министрлігі IT-мамандарын оқыту бағдарламасын әлемдік трендтерге сай барынша икемді етіп жасауы тиіс. Студенттермен тәжірибе алмасу үшін жетекші университеттермен тағылымдамадан өту бағдарламаларын жолға қою керек», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, әлемдік тәжірибені ескере отырып, венчурлік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаты есебінен стартап жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қарауы тиіс», — дейді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді