jasqazaq.kz

Осман Дембеле – 2025 жылғы “Алтын доп” иегері

23 қыркүйек 2025, 11:26

Парижде өткен салтанатты кеште «Париж Сен-Жерменнің» жұлдызы Осман Дембеле әлемнің үздік ойыншысы атанып, 2025 жылғы Ballon d’Or марапатын иеленді.
Aladop.kz хабарлағандай, Франция құрамасының 28 жастағы шабуылшысы маусым бойғы фантастикалық ойынымен бұл атаққа басты фаворит саналған еді.

Дембеле 2024/25 маусымында 35 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Оның көмегімен «ПСЖ” өз тарихындағы тұңғыш Чемпиондар лигасын жеңіп алып, тарихи «төрттікке» (Лига 1, Франция Кубогы, Суперкубок, Чемпиондар лигасы) қол жеткізді. Бұл жетістік Франциялық клубты әлемдік футболдың шыңына шығарды.

Басты бәсекелесі «Барселонаның” 18 жастағы вундеркинді Ламине Ямал да назардан тыс қалған жоқ. Ол қатарынан екінші рет «Kopa Trophy” сыйлығын алып, әлемнің ең үздік жас ойыншысы атанды.

Сахнаға көтерілген Ямал:

«Қайтадан осында тұрғаныма қуаныштымын. Бұл марапат үшін «Барселонаға», ұлттық құрамаға және отбасым мен серіктестеріме алғыс айтамын. Кубарси мен Рафинья секілді әріптестерімді де атап өткім келеді.» – деді.

«ПСЖ”-ның тарихи маусымы клубтық деңгейдегі тағы бірнеше марапатпен толықты. Команда «Жыл клубы» атанды, ал Луис Энрике «Жыл бапкері» сыйлығын иеленді. Сонымен қатар «ПСЖ”-ның бұрыңғы қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма Яшин Трофейін жеңіп алып, әлемнің үздік қақпашысы атанды.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат